Жаңалықтар

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 25.04.2025 08:40 153

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында елордада 26 және 27 сәуірде кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілер жеткізген өнімдер ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және тағы да сол сияқты өнімдерді сатып ала алады.

Қала әкімдігі жәрмеңке 26 және 27 сәуірде таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтетінін алға тартты. 

Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге мынандай автобус қатынайды: № 2, 32, 49, 50, 73.  

Айта кетейік, бұдан өзге елордада күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін Бейбарыс Сұлтан көшесі №23 мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға