Жаңалықтар

Астанада аурухананың бухгалтер-кассирі сотталды

Астанада аурухананың бухгалтер-кассирі сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 31.05.2023 14:49 679

31 мамырда Астанада 32 миллион теңге ұрлағаны дәлелденген көпсалалы аурухананың бухгалтер-кассиріне үкім шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот сотталушы 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 29 қараша аралығында кәсіпорынның 32 млн теңгеден астам сомадағы ақшасын иемдену және жымқыру жолымен ұрлап әкеткенін анықтады.

Әйел кінәсін мойындады.

Ол 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылып, шартты түрде 7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға