Жаңалықтар

Астанада ауа райы күрт суытады: ТЖД көктайғаққа байланысты ескерту жасады

Астанада ауа райы күрт суытады: ТЖД көктайғаққа байланысты ескерту жасады
Фото: Астана қаласы әкімдігі 20.01.2025 19:28 93

Астана қаласының ТЖД «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйеніп,  ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 20-21 қаңтар күндері түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Осыған орай, ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді. Ол үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет екенін ескертеді:

- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз;
- Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Егер мұзды «шұңқырды» айналып өту мүмкін болмаса, онда шаңғышы сияқты кішкене жылжымалы қадамдармен жүріңіз;
- Жолдың жүріс бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және көп жүгірмеңіз;
- Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады;
- Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқшаны немесе ұштары бар арнайы таяқшаны қолдану ұсынылады.

Дауылды жел кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан шығарып қойыңыз. Сондай-ақ, жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезені берік етіп жабу ұсынылады. Егер сіз көшеде қатты жел кезінде қалып қалсаңыз, қаупі жоқ үй-жайға кіріп, жасырыну қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға