Жаңалықтар

Астанада ауа не себепті жиі ластанады?

Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов айтып берді
Астанада ауа не себепті жиі ластанады?
Фото: stan.kz 07.12.2022 17:02 2924

Астанадағы ауаның ластануына ЖЭО мен көмір отынын пайданатын жеке үйлерден шығатын түтіннің артуына тікелей байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Кешегі күнді мысалға алғанда Астанада әсіресе қыс мезгілінде ауаның ластануы жиі байқалады. Астанада жылу электр орталықтарындағы 10 қазандық газға ауыстырылды. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қаладағы ауаның ластануын 25 %-ға төмендетуді көздеп отырмыз. Дегенмен, залалдың көбісі жеке сектордағы үйлерден келеді. Қазіргі таңда қалада 37мың жеке сектор бар. Олардың басым бөлігі отынды қолданады.  Желді күндері улы газдың таралу деңгейі артады.

Сондай-ақ, елордадағы 4000 жеке секторға газ орнатылғанын айтты. 500 үйде газ іске қосылды. 2024 жылға дейін қаладағы жеке секторлардың басым бөлігіне газ тарту қарастырылған. Бұл жөнінде аудандағы әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Осылардың барлығы жүзеге асырылған соң, ауа температурасының бір қалыпқа келтіруге мүмкіндік барын атап өтті.

 Кеше Астанадағы ауа атмосферасының ластану деңгейі артып, әлемдегі ауасы ең лас 5 қаланың тізіміне енген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға