Жаңалықтар

Астанада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы мереке ұйымдастырылды

Астанада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы мереке ұйымдастырылды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 31.12.2024 14:11 390

Жаңа жыл қарсаңында «SOS Астана балалар ауылы» ұйымының балалары үшін қайырымдылық акциясы өтті. Бұл мекеме ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға пана болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, акцияны жаңа жылдық корпоративтік іс-шараны өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған елорданың Нұра ауданы әкімдігінің өкілдері және жергілікті кәсіпкерлер ұйымдастырды. Мерекелік кеш өткізудің орнына олар балаларға мерекелік сыйлықтар мен тәттілер сатып алуға қаражат бөлді.

Әр балаға жемістер мен кәмпиттер, сыйлықтар, сондай-ақ елордалық мейрамханалардың бірі дайындаған тағамдар берілді. Балалар үшін жаңа жыл қарсаңында салтанатты атмосфера құру үшін арнайы мерекелік мәзір әзірленгені маңызды сәт болды.

Ауданымыздың меценаттары көмек сұрағандарға белсенді қолдау көрсетуді жалғастыруда. Олардың қосқан үлесі, мейлі ол азық-түлік болсын, емделуге қаржылық қолдау болсын, тұрғындар мен жалпы қоғам үшін үлкен маңызға ие. Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, медиаволонтер, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, сондай-ақ әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде мен адамдар бізге тұрмыстық мәселелерді шешу үшін ғана емес, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруда да көмек сұрайтынын көремін. Бұл сенім үлкен жауапкершілік болып саналады және әріптестерімізбен бірге біз әрбір сұрауға жауап беруге тырысамыз. Біз үшін ерекше қуаныш «SOS Астана балалар ауылы» тәрбиеленушілері үшін мереке болды, оны меценаттардың арқасында ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Өздерінің мерекелік кештерінің орнына олар балаларға қуаныш пен жылулық сыйлады. Мен бұл адамдарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Көмек тек мереке күндері ғана қажет емес екенін есте ұстаған жөн. Қыста көмір, киім, азық-түлік және басқа да негізгі заттар, әсіресе сұранысқа ие. Мүмкіндігі бар адамдарды қазір қамқорлыққа мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге шақырамын. Әрбір жақсы бастама өмірді жақсы жаққа өзгертеді! - дедіНұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

Аудан әкімдігі қайырымдылық акциясы әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылықтың жарқын үлгісіне айналғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға