Жаңалықтар

Астанада «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті

Астанада «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 20.03.2025 17:28 213

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен Астанада қазақ халқының ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы жарыққа шығарған «Асыл мұра» – отандық музыка өнері тарихында халықаралық стримингтерде кеңінен таралған ең ірі жинақ. Жоба «Ozen» музыкалық лейблымен бірге жүзеге асырылды.

Жинаққа «Алтын қорда» сақталған 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық әні мен халық композиторларының әндері, 100 ертегі, 50 бесік жыры, 250 ретро хит ән енгізілді. Аудиожинақтың ерекшелігі – мұндағы шығарманың көбі аутентикалық формада, яғни, алғашқы орындаушылары жеткізген түпнұсқа күйінде берілген, - делінген мәліметте.

Жобаға енген таңдамалы 1500 аудиожазба Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music сияқты әлемге танымал 100-ден астам музыкалық платформаға жүктелді. Сондай-ақ туындылар «Қазақстан» телерадиокорпорациясының altynqor.com сайтына енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға