Жаңалықтар

Астанада «Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегі арасындағы жол жөнделеді

Астанада «Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегі арасындағы жол жөнделеді
Фото: Астана қалалық әкімдігі 13.08.2024 17:43 338

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын «Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегі арасындағы жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 13-15 тамыз күндері аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға