Астанада әскери қызметкердің басына оқ тиіп, көз жұмды

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі
09.10.2023 15:11
2771
Аталған ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 9 қазанда болған. 6636 әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы Қайсар Сұлтанов әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамына кірген.
Сағат 01:20 шамасында штаб бойынша кезекші және бөлімше командирі қызметті тексеру кезінде қатардағы Сұлтановтың өз бекетінде басына оқ атып, жаралы жатқанын байқады. Жедел жәрдем жеткенше ол көз жұмды, – деп мәлімдеді ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны атап өтілді. Қызметтік тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
