Жаңалықтар

Астанада әскерге шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салды

Астанада әскерге шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 19.10.2023 01:39 1097

Астанада 2023 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Қарулы Күштердің имиджін арттыру аясында қаланың қорғаныс істері жөніндегі департаменті елорда әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Салтанатты іс-шараға қаланың білім беру мекемелерінің 1200-ден астам оқушысы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналары, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы Күштер мен ұрыс қимылдарының ардагерлері қатысты.

Әскерге шақырылушылар алдында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов сөз сөйледі.

Әскери мамандық қашанда құрметке ие, әйтсе де оның өзіндік қиыншылықтары бар. Әскери қызметшінің міндеті – сындарлы сәтте ел қорғауға дайын болу. Бүгінде Қарулы күштер қатарында өздерің сияқты көптеген жастар қызмет етеді. Әскери мамандық құрметті, бірақ сонымен бірге өте күрделі. Себебі әскери адам өзі үшін қиын уақытта Отанды қорғаудан тартынбауы керек. Бүгінде сол жас жігіттер әскер қатарында әскери саланы меңгерумен қатар физикалық және рухани жағынан шыңдалуда. Олар өмірде күшті позицияны ұстанады, олар батыл, батыр және өзіне сенімді азаматқа айналады. Әскерге шақырылғандардың ата-аналарына балаларының тікелей жетекшілерімен және командирлерімен тығыз байланыста болуын сұраймын. Біз сіздермен бірге Отан қорғаушыларды тәрбиелеп, дайындап шығарамыз, - деді вице-министр.

Іс-шара барысында запасқа шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне жоғары оқу орындарына түсу үшін сертификаттар табыс етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға