Жаңалықтар

Астанада «Арғымақ» конкурсынан ашық кубок өтеді

Астанада «Арғымақ» конкурсынан ашық кубок өтеді
Фото: gov.kz 18.02.2023 09:36 929

Елордада ат спорты түрлерінің спорттық маусымының ашылуы туралы олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов онлайн-брифингте айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 26 ақпан күні «Арғымақ» конкурсынан ашық кубок өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды. Оларға 5 маршрут бойынша 50-ге жуық шабандоз қатысады деп күтіліп отыр. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

«Аталған іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, Астана мен Қазақстан Республикасында ат спортын насихаттау және дамыту; адамдарды белсенді және салауатты өмір салтына тарту құралы ретінде ат спортына қызығушылықты арттыру және перспективалы шабандоздар мен жылқыларды анықтау болып саналады. Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер конкурсын өткізу жоспарланып отыр. Біз 30-ға жуық шабандоз жарысқа қатысады деп күтіп отырмыз. Жарыстың жалпы жүлде қоры алты миллион теңгені құрайды», - деді Хасенов.

Астанада «Наурыз» мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрлері бойынша ат спорты іс-шаралары өткізіледі.

2023 жылғы 22 наурызда «Қазанат» ипподромында көкпардан жарыстар басталады, оған Астана, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай қалаларының және Ақмола облысының командалары қатысады, аталған іс-шараның жүлде қоры 19,5 млн теңгені құрайды.

«Жалпы ат жарысының өзіндік ерекшелігі мен мақсаты бар. Ресми жарыстарға қатысатын жылқылардың денсаулығына қойылатын ветеринариялық талаптар қолданыстағы ветеринариялық заңнамаға және FEI ветеринариялық ережелеріне сәйкес келеді. Жарысқа келген әрбір жылқы биылғы және өткен жылғы ветеринариялық өңдеумен ветеринариялық паспортпен қамтамасыз етілуі тиіс, жылқы иесінде Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының ұлттық спорт паспорты болуы тиіс. FEI талаптарына сәйкес», - деп түсіндірді спикер.

Жылқылардың бәрі Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясында тіркелуі, ұлттық паспорты болуы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға