Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері Ербол Алшынбайдың «Жоғалған таулар» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
13 наурыз, сағат 17:00-де өтетін кітап тұсаукесеріне еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысып, ақынның отты өлеңдері оқылады.
Ербол Алшынбайдың бұған дейін жарық көрген «Кұлан ауған» поэзия жинағы мен шағатай тілінен аударған «Насаб наме сұлтан Сыдық» атты кітабы қазақ тарихы үшін аса құнды еңбек ретінде оқырманның жоғары бағасын алған еді.
Ақынның жаңадан жарық көрген «Жоғалған таулар» жинағына да оқырманның мейірі қанатын, көңілі рахаттанатын жырлары енген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Криптовалютаның заңсыз айналымын жүргізген күдіктілер ұсталды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты