Жаңалықтар

Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 29.10.2023 13:27 638

Астанада демалыс күндері Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл демалыста жәрмеңке өтетін орын өзгеріп отыр. Енді Астана тұрғындары Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңнан сауда жасай алады.

Бұл жәрмеңкеге Ақмола облысының 100 тауар өндірушісі жалпы көлемі 300 тоннадан аса 50 түрлі өнім жеткізген. Жеткізілген тауарлар өндірілген орыннан тікелей тұтынушыға дейін қағидаты бойынша сатылады, сондықтан нарықтан 10-20%-ға арзан екені айтылды. 

Жеткізілген өнімдер ішінде 100 тонна ет және шұжық өнімдері, 2 тонна жаңа ауланған балық, 400 мыңнан астам жұмыртқа, 20 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері, 25 тоннадан астам ұн, 50 тонна картоп, көкөніс және басқа да өнімдер бар.

Отбасыммен бірге осы жерден азық-түлік сатып алу ыңғайлы, әсіресе бағасы қолайлы, арзанырақ. Сол себепті көбірек сатып алуға болады. Ал жаңа орынға көшкеннен кейін жәрмеңке үйіме жақынырақ бола түсті, - деді қала тұрғыны Әлия Маемирова.

Биыл жәрмеңке 2 қыркүйектен басталған болатын. Оған 14 өңірден аграршылар қатысты. Осы жәрмеңке күндері 10 мың тоннаға жуық өнім сатылды. Келесі демалыс күндері 4-5 қарашада Қарағанды және Ұлытау облыстары жәрмеңке маусымын аяқтайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға