Жаңалықтар

Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 27.10.2023 08:17 657

28 және 29 қазанда Астанада Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жолы жәрмеңке Тұран даңғылы 48 мекенжайында, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда өтеді.

Жәрмеңкеге 100 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:

* Ет және шұжық өнімдері - 100 тонна;
* Картоп пен көкөністер - 50 тонна;
* Сүт өнімдері - 20 тонна;
* Жұмыртқа - 400 мың дана.;
* Балық - 2 тонна;
* Ұн және макарон - 25 тонна.

Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан төмен болады. Өнімнің жалпы көлемі 300 тоннадан асады.

Ауыл шаруашылығы өнімі бар автокеруеннің Астанаға шығуы 27 қазанда жоспарлануда.

Елордада қорытынды жәрмеңке 4-5 қарашада Қарағанды және Ұлытау облыстарының аграршыларының қатысуымен өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға