Астанада алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі
22.04.2024 08:45
702
Астанада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге түрік елінің әйгілі бөректері, симиттері және ірімшік пирогтары ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға бауырсақ, құрт, ірімшік, шай таратылды.
Ататүрік саябағында өткен жәрмеңкеге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Мұстафа Капучу және Түркияның басқа да өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Байқоңыр ауданының белсенді тұрғындары мен ерікті жастар қатысты.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды