Астанада әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасының нәтижесі жарияланды
Астанада «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін қалған 93 пәтер бойынша «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, 2 (екі) және 3 (үш) бөлмелі пәтер беруге үміткерлерді іріктеу «Халықтың әлеуметтік осал топтары»санаты бойынша кезекте тұрғандар арасында кезекке қойылған күні және отбасы құрамы бойынша жүзеге асырылды.
Бағдарлама бойынша өткен азаматтарға Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, ары қарайғы жолдарын түсіндіреді.
Ерекше айта кетерлігі, алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты өте сақ болу қажет. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан несиелерді, қарыздарды өтеуді, тұрғын үй беру үшін шотты арестен алуды алып тастауды сұрамайды, - деп жазылған басқарма таратқан мәліметте.