Жаңалықтар

Астанада әлемнің 27 елінің еріктілері көшбасшылар слетінде бас қосады

Астанада әлемнің 27 елінің еріктілері көшбасшылар слетінде бас қосады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 16.08.2024 07:46 598

Астанада әлемнің 27 елінің еріктілері Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) қозғалысының көшбасшылар слетінде бас қосады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада АӨСШК еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетіне белсенді дайындалуда.  Ол ағымдағы жылдың қазан айында АӨСШК-нің VI саммиті барысында айтылған Президенттің бастамасымен өтеді. 

Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың, АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чжан Лианның, Сыртқы істер министрлігі және Астана әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Кездесуде алдағы слет бағдарламасы, қатысушылардың логистикасы, ұйымдастырушылық-техникалық сәттер мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.  

АӨСШК еріктілер слеті 3-4 қазанда Астанада өтетінін естеріңізге салай кетейік. Азияның 27 елінен 400 белсенді қатысады. Олар үшін тақырыптық панельдік сессиялар, білім беру және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Слеттің мақсаты - тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерліктің рөлін белгілеу және Азия елдеріндегі мәдениетаралық диалогын нығайту. Сондай-ақ кездесу маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған алаң болады.

Сонымен қатар слет шеңберінде АӨСШК Жастар кеңесінің VIІ отырысы жоспарланған, оның қорытындысы бойынша волонтерлікті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар қабылданатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға