Жаңалықтар

Астанада әлемдегі ең мәртебелі бағдарламашылар сайысы басталды

Астанада әлемдегі ең мәртебелі бағдарламашылар сайысы басталды
Фото: Цифрлық даму министрлігі 17.09.2024 04:18 444

ҚР Президенті орталығында әлемдегі ең мәртебелі студенттік спорттық бағдарламалау сайысы – ICPC World Finals 2024 финалының ашылу салтанаты өтті. Бұл ауқымды іс-шараға жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі үздік бағдарламашылар командалары қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы Мысырдың Луксор қаласында өткен ICPC World Finals жарысында Қазақстанның алты командасы бақ сынаған. Ал қазақстандық Батыр Сардарбеков алтын жүлдеге ие болып, елімізден шыққан тұңғыш ICPC чемпионы атанды. Биыл 111 ел мен 3000 университеттің намысын 59 000 қатысушы қорғап, аймақтық және ұлттық іріктеуден сүрінбей өткен 142 команда финалға шықты. Қазақстан атынан финалда елдің ең үздік техникалық ЖОО-ның бес командасы қатысады. Бұл оқиға Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі IT-хаб ретіндегі мәртебесін нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Қазақстан үшін бұл өте маңызды сәт, өйткені біз еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бес командасымен таныстырдық. Бұл біздің студенттеріміздің жоғары дайындық деңгейін көрсетеді және Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі IT-хаб ретіндегі мәртебесін растайды. Мұндай іс-шаралар халықаралық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, бағдарламашылардың жаңа буынын шабыттандыра отырып, елімізде IT-саланың дамуын ынталандыратынына сенімдімін. Біздің командалар лайықты нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның IT-индустриясын әлемдік деңгейде дамытуды жалғастырады деп сенеміз, - деп атап өтті цифрлық даму иаминистрі Жасұлан Мәдиев.

Жарыстың ашылу салтанаты 15-20 қыркүйек күндері Астанада өтетін чемпионаттың басы болады. Чемпионат аясында қатысушыларды Huawei ұйымдастыратын ICPC Challenge, JetBrains пен спорттық бағдарламалаудан экс әлем чемпиондары өткізетін blind-coding бойынша бірегей шеберлік сағаты, сондай-ақ өзге де іс-шаралар күтіп тұр. 2024 ICPC World Finals чемпиондары 19 қыркүйек күні финалистердің код арқылы алгоритмдік есептерді шешуге берілген бес сағаттық жарысты аяқтағаннан кейін, шектеулі уақыт жағдайында қателер мен дұрыс емес мүмкіндіктер нәтижесінде анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға