Жаңалықтар

Астанада алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Астанада алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.04.2025 12:43 160

Астанада әлеуметтік желілер арқылы тұсқағаз сатамын деп жалған хабарландырулар жариялап, азаматтарды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласында өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп”жедел алдын алу шарасы барысында Нұра аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы әйелді алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әлеуметтік желілер арқылы тұсқағаз сатамын деп жалған хабарландырулар жариялап, азаматтарды алдаған. Ол құрылыс материалдарын төмен бағамен жеткізіп беремін деп сендіріп, алдын ала төлем талап еткен. Ақша түскеннен кейін, жәбірленушілермен байланысын үзген. Қазіргі уақытта оның 12 алаяқтық эпизодқа қатысы бары анықталды. Бір жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға