Астанада актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
26.02.2024 18:06
932
Астанада Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 28 ақпан күні сағат 14:00-де қазақ күресінен театрлар арасында II республикалық «Театр барысы» турнирі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен театр және кино актерлері қатысады.
Айта кетейік, көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президент Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды