Астанада "Әкелері күні" аталып өтеді
Ертең маусымда Астанада Ботаникалық саябақтың аумағында Әкелер күнін мерекелеу аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әке – отбасының тірегі» open talks Фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, ымталы ата-ана болу идеясын насихаттау, сондай-ақ ата-ана тәрбиесіндегі Әкелердің рөлінің маңыздылығын көрсетуге бағытталып отыр.
Айта кету керек, ағымдағы жылы мереке алғаш рет аталып өтіледі. Соған орай Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Әкелер күніне орай әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылмақ.
Атаулы күнге орай өтетін іс-шара 18 маусым күні Астанадағы ботаникалық саябақтың аумағында 11.00-де басталады.