Жаңалықтар

Астанада «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабының тұсаукесері өтті
Фото: t.me/madenietaqparat 01.03.2025 08:29 184

Астанада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайында «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кітапта академиялық мәтін жазудың негізгі ұстанымдары топтастырылып, тақырыпты түсіну, ойталқы жасау және әдебиет таңдау талаптарынан бастап, академиялық стильге тән сөз саптауға дейінгі тақырыптар қамтылған. Нұсқаулықта мәтін жанрлары жүйеленіп, әрқайсысының өзіне тән құрылымы мен талаптары түсіндіріледі.

Бұл кітап оқырманның академиялық жазу машығын дамытуға арналған.

Айта кету керек, жарыққа шыққан еңбек алдағы уақытта ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеуорталықтары кітапханаларының қорын толықтырады. Академиялық мәтін жазуға қызығатын көпшілік кітаптың электрондық нұсқасын ҚҚДИ-дің ресми сайтынан (kipd.kz) оқи алады, - делінген мәліметте.

Кітапты Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты әзірледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға