Астанада Қабанбай батыр даңғылы жөндеуге жабылды
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
24.08.2022 10:04
882
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Атап айтқанда, 24 - 27 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылының Нұра-Есіл арнасынан Әуежайға дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген сайтта.
Еске салайық, бұған дейін Сығанақ көшесінің жабылғаны хабарланды. Жөндеу жұмыстары 22 тамыз - 1 қыркүйек аралығында жүреді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Астаналық құтқарушылар тұрғындарға үндеу жасады