Жаңалықтар

Астанада 90 жыл бұрын салынған мектептің орнына жаңа білім ошағы ашылды

Астанада 90 жыл бұрын салынған мектептің орнына жаңа білім ошағы ашылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 08.02.2024 20:01 578

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында он екінші жаңа мектеп ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада он екінші жаңа мектеп ашылды. №36 мектеп Сарыарқа ауданындағы Қарасай батыр көшесінің бойында орналасқан. Осыған дейін балалар 90 жыл бұрын салынған мектепте оқып жүрді. Қазір оқушылар жайлы оқу орнында білім алып жүр.

Жаңа мектеп екі ауысымда 2400 оқушыға арналған. Оқу орны заманауи оқу кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, спорт және акт залдары, медициналық кабинет, кітапхана, балалар алаңдары және т.б. бар, - деді әкім.

Қала басшысының сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін тағы үш білім ордасы есігін айқара ашады.

Қазіргі оқу жылында 12 мектеп ашылды. Оқу жылының соңына дейін тағы 3 мектеп ашамыз.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырамыз. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады, - деп жазды Жеңіс Қасымбек..

Жалпы, 2027-2028 жылдарға дейін бас-аяғы 200 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 80 мектеп салуды жоспарда бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға