Жаңалықтар

Астанада 8 маусым күні түнгі бағдардағы автобустар іске қосылады

Астанада 8 маусым күні түнгі бағдардағы автобустар іске қосылады
Фото: El.kz / Нүркен Алишев 07.06.2024 23:52 394

Астанада 8 маусымда қоғамдық көліктің № 201, 202, 203 түнгі бағдарлары іске қосылады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бағдарлар жұмысы маусымның 8-інен 9-ына ауысқан түні, сағат 00:00 басталады.

Бағдарлар келесідей хабарламамен жүреді:

№201 бағдар: Теміржол вокзалы – Пригородный тұрғын алабы;
№202 бағдар: Отау шағын ауданы – Жағалау;
№203 бағдар: Көктал-1 тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы.

Қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады. Бағдарлар қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы онлайн бақылауға болады.

Бағдарлар түнгі сағат 00:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға