Жаңалықтар

Астанада 76 нысанның құрылысы тоқтатылды

Астанада 76 нысанның құрылысы тоқтатылды
Фото: realty.yandex.ru 03.03.2023 12:23 1277

Астана әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, қаладағы 76 құрылыс нысанында ереже бұзылғандықтан жұмыс тоқтатылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line»ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium»ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group»  бар. Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 нысан (76 нысанның ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар беріледі», – делінген хабарламада.

Көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысының жаңа нысандары рұқсат құжаттарынсыз жүріп жатқаны анықталар болса, бұл объектілер өз бетінше салынып жатқан құрылыс деп танылып, бұзылатын болады.

Сондай-ақ қалада "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар.

Сонымен қатар қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" жүйелі түрде жарияланып тұрады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға