Жаңалықтар

Астанада 7 учаскеде Bus Lane жолақтары енгізіледі

Астанада 7 учаскеде Bus Lane жолақтары енгізіледі
Фото: Астана қалалық әкімдігі 11.06.2024 15:20 547

Астанада 15 маусымнан 16 маусымға қараған түні Ш.Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ енгізіледі. Ол Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскені қамтиды, жалпы ұзындығы 10,5 км болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл – осы жылы 7 учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. Бұған дейін хабарлағандай, бөлінген жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей Жәнібек хандар көшесіне, Ұлы Дала және Р.Қошқарбаев даңғылдарына енгізіледі.

Bus Lane қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал етеді.Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға