Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/storage/storage/element/2024/07/05/mainphoto/111169/1200xauto_h3cs19XcD5oI0gsksSsoy3EBgJTtymByppafG7sz.jpg)
Фото: Астана қалалық әкімдігі
Фото: Астана қалалық әкімдігі
05.07.2024 11:55
578
ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.
Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA іріктеу турниріне қатысады