Жаңалықтар

Астанада 535 адамды алдаған қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Астанада 535 адамды алдаған қаржы пирамидасының басшысы сотталды
Фото: Видеодан кадр 26.02.2024 09:16 712

Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркегені анықталды.

Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілді. Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды.

Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз. Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!» телеграм боты жұмыс істейді, - делінген ҚМА ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға