Жаңалықтар

Астанада 50 жастағы тұрғын 40 тонналық контейнерді ұрлап кеткен

Астанада 50 жастағы тұрғын 40 тонналық контейнерді ұрлап кеткен
Фото: instagram.com/police__astana 06.10.2024 02:30 433

Астанада 40 тонналық контейнерді ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға құрылыс компаниясының қауіпсіздік қызметінің қызметкері ұрлық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, жұмыс істейтін фирмадан белгісіз адам темір контейнерді ұрлап әкеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 50 жастағы тұрғынын анықтады. Ол 40 тонналық контейнерді жасырын ұрлап әкеткен. Ер адам бұрын аталған компанияда құрылыс нысанының прорабы болып жұмыс істегені және ғимараттың аумағына қалай кіруге болатынын білгені анықталды. Ол өз кінәсін мойындаған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, барлық мән-жайлар анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қоданылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға