Жаңалықтар

Астанада 452 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Астанада 452 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді
Фото: ҚР ЕХӘҚМ 22.09.2023 10:50 878

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында 574 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, оның ішінде 452 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 444 нысан бейімделді.

Астана қаласында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1290 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 778 нысанның 574-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда аталған нысандардың 452-сінің толық бейімделгені расталды.

Мәселен, қалада мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:

- мемлекеттік мекемелер – 21 (барлық деңгейдегі әкімдіктер – 5, жергілікті атқарушы органдардың басқармалары мен бөлімдері – 16);

- денсаулық сақтау нысандары – 92 (емханалар – 25, ауруханалар – 14, медициналық орталықтар – 18, дәріханалар – 14, клиникалар-13, госпитальдар-6, стоматология-2);

- білім беру нысандары – 253 (мектептер – 156, балабақшалар – 67, колледж – 18, университет – 8, академия – 1, оқу орталықтары – 2, түзету кабинеті – 1);

- мәдениет нысандары – 17 (концерт залдары – 3, мұражайлар – 2, театрлар – 7, филармониялар – 1, кітапханалар – 2, өнер орталығы – 1, оқушылар үйі – 1);

- әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары – 54 (вокзалдар – 2, халыққа қызмет көрсету орталықтары – 4, әлеуметтік оңалту орталықтары – 5, оңалту орталықтары – 4, банктер – 5, дүкендер – 30, әуежай – 1, медициналық-әлеуметтік мекемелер – 3);

122 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 868 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 215; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 215; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 214, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 224.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 204 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 27 жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беріліп, 2,8 млн теңгеге 15 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға