Жаңалықтар

Астанада 330-дан астам үлескер-отбасы баспаналы болды

Астанада 330-дан астам үлескер-отбасы баспаналы болды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 06.07.2023 22:35 1270

Елордада 330-дан астам отбасы құрылысы ұзаққа созылған кезекті тұрғын үй кешенінен үйлерінің кілтін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында

Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды.
Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған да еді. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді. Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды.

Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтаймыз. Әр үйдің өзіне тән күрделі тарихы бар, дегенмен әрқайсысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер-отбасының проблемасын шешеміз, – деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға