Жаңалықтар

Астанада 300 мыңнан астам оқушы мен студент есірткінің зияны туралы диктант жазды

Астанада 300 мыңнан астам оқушы мен студент есірткінің зияны туралы диктант жазды
Фото: Polisia.kz 12.12.2024 21:40 101

Астанада 300 мыңнан астам оқушы есірткінің зияны туралы диктант жазды. Мұндай шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат – жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу және жолын кесу, есірткі қылмысының салдары туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарының 1, 2-курс студенттерінен және жоғары сынып оқушыларынан есірткіні қолданудың зияны туралы қалалық диктант алды. Жазбаша жұмыстармен қатар, полиция қызметкерлері студенттермен профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Студенттерге нашақорлықтың салдары, нашақорлыққа тәуелділіктің қалыптасуы және психиканың бұзылуы, сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделетіні туралы айтылды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара жасөспірімдерді есірткіге, ішімдікке тәуелді болмауға, қылмыс жасамауға, өзінің жарқын болашағын ойлауға дәріптейді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға