Астанада 300 бала жаппай жүгірді

Елордада «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 16 жасқа дейінгі балалар арасында жаппай жүгіру өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әімдіктің мәліметінше, Ботаникалық бақта өткен марафонға 16 жасқа дейінгі 300-ге жуық бала қатысты. Олар 1300 метрден астам қашықтықты бағындырды.
Тек балалар мен жасөспірімдер қатысты, бірақ бізді қолдаған ересектер де болды. Өзім осындай жарыстарға үнемі қатысып тұрамын, ұйымдастырушылар әдеттегідей қолдарынан келгеннің бәрін жасады: көңілді атмосфера жасап, соңында барлық қатысушыны қуантты, - деп өз әсерімен бөлісті астаналық Асылжан Алмат.
Жарыс нашақорлықпен күресудің кешенді жоспары аясында өтті.
Біз өскелең ұрпақты спорт мәдениетіне баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осындай шараларды өткізіп келеміз. Балаларға жақсы үлгі көрсетуге және оларға маңызды іс-шара ұйымдастыруға тырысамыз. Жыл басынан бері біз осындай 80-ге жуық профилактикалық іс-шара жүргіздік және бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз, - деді қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табыс етілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
