Жаңалықтар

Астанада 3 шілде күні отшашу ұйымдастырылады

Астанада 3 шілде күні отшашу ұйымдастырылады
Фото: ©Pixabay.com 02.07.2024 17:02 350

Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде Ботаникалық бақта салют іске қосылады. Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық әкімдігінің мәліметінше, техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға