Жаңалықтар

Астанада 3 мыңға жуық студент жұмыспен қамтылады

Астанада 3 мыңға жуық студент жұмыспен қамтылады
Фото: Астана қалалық әкімдігі 23.01.2025 22:49 111

Астанада «АМАNАТ» партиясының «Әйелдер қанатының» Астана қалалық филиалының ықпалымен елордалық колледждер мен ірі кәсіпорындар келісімге келіп, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қаладағы «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі», «Технологиялық колледжі», «Техникалық колледжі», «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі», «Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі», «Құрылыс-техникалық колледжі» мен «ЛС Групп», «Paving Stone Company», «Digital System Service», «Бірыңғай Шоғырландыру Орталығы», «DAT KZ», «Мастер кофе» COMMUNITY, «Ақмол холдинг» ЖШС биыл бірге жұмыс істеуді көздеп отыр.

Қос тарап студенттерге екі жақты қолдау білдіру мақсатында алдымен студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастырып, артынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Жұмысшы мамандықтар» жылында «AMANAT» партиясының ықпалымен атқарылып отырған бұл – алғашқы ірі қадамдардың бірі. Алдағы уақытта партия жұмысын тоқтатпайды. Керісінше, жастарға қолдау білдіру мақсатында әртүрлі бастамаларды іске асыруды көздейміз, - дейді партияның хатшысы Шолпан Каринова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға