Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді

Фото: ©pixabay.com
Фото: ©pixabay.com
18.06.2024 16:02
780
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізуге орай 3 және 4 шілдеде елордадағы балабақшалар жұмыс істемейтін болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бұл туралы елордалық білім басқармасы мәлімдеді.
Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бұған дейін Ақорда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесі талқыланатынын мәлімдеген еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Мерейді үлкен сахнадан көргіміз келеді». Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында малшы жоғалып кеткен