Астанада 24 ақпаннан бастап жаңа бағдардағы автобус желіге шығады
Елордада 24 ақпаннан бастап «Астанаинерт» – «№ 4 өрт сөндіру бөлімі» қатынасымен жаңа №42 бағыт іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғамдық көліктің бағыты:
- «Агроқалашық» тұрғын алабында Оқжетпес, Қарбышев, Мұса Жалел, Ақан сері көшелеріне;
- Қараменде би Шакаұлы, Ш. Айтматов көшелеріне, «Шарын», «Мадрид» ТК;
- «Жағалау» шағын ауданында Ш.Айтматов, Сығанақ көшелері, «Brussels», «Жағалау-3», «Құлагер», «Шығыс», «Sat city», «Зеленый квартал» тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.
Сол сияқты осыған дейін қоғамдық көлік жүрмеген Тұран даңғылының Ұлы дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Сондай-ақ бағыт «ҚР ІІМ орталық госпиталі», «№2 қалалық көпсалалы аурухана», «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы», «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» ауруханаларына қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Тұран даңғылының Орынбор және Р.Бағланова көшелерінің арасы уақытша жабылуына байланысты, бағдар Қабанбай батыр даңғылымен жүреді.
Бағдардың қозғалыс сызбасын әлеуметтік желідегі cts_kz парақшасындағы Taplink арқылы көруге болады.