Жаңалықтар

Астанада 200 отбасы баспанасыз қалды

Астанада 200 отбасы баспанасыз қалды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 09.04.2025 14:52 851

Бүгін таңертең Астанада алты қабатты отбасылық жатақхана өртенді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Өрт Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхана ғимаратынан шыққан.

Салдарынан слтыншы мансард қабатындағы бөлмелер жанып кеткен.

Жалын 1 600 шаршы метр аумаққа таралған. Құтқарушылар ғимараттан 50 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялады.

Жатақханада 200-ден астам бөлме бар, тұрғындарды уақытша мектептің спорт залына орналастырды.

Алайда олардың кейін қайда баратыны әзірге белгісіз.

Өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға