Астанада №15 және 15А бағытындағы автобустар саны артады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
31.01.2024 22:09
689
Қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында Астанада №15 және 15А маршруттарында автобустар саны артады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
№15, 15А маршруттарда автобустар саны 2 бірлікке (19-дан 21-ге дейін) ұлғайтылады.
Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап №15а маршрутының қозғалыс сызбасы «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» және «Қалалық инфекциялық орталық» аялдамаларына дейін ұзартылады.
Елорданың қоғамдық көлігіне қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Биыл жаңа автобустар сатып алынып, 5 жаңа бағыт іске қосылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан төлем түсе бастады