Астанада 15 маршруттың қозғалыс схемасы өзгереді

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі
02.07.2024 10:44
730
4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарларының сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:30-ға дейін.
Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары «Тәуелсіздік сарайы» алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелерінде жүргізіледі.
Аталған бағыттардың өзгертілген сызбаларын @cts_kz Instagram аккаунтындағы Taplink-тен қарауға болады.
Бөлісу:
