Астанада 15 автобустың жүретін бағыты өзгерді

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
20.07.2023 10:15
979
Астаналық City Transportation Systems көлік компаниясы кейбір қоғамдық көліктің бағыты уақытша ауысқанын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бүгіннен бастап 24 шілдеге дейін Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүреді.
Осы бес күнде № 5, 5А, 9, 11, 28, 60, 13, 15, 15А, 41, 44, 48, 51, 64, 71 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Семейдегі саябақта Лениннің мүсіндері алынып тасталды