Астанада 15 автобустың бағдары уақытша өзгереді

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
03.11.2024 09:17
519
Астанада сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін он бес автобустың бағдары уақытша өзгереді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 3 қарашада сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты, Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында жолды толығымен жабу жоспарланды. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Кортеж ұйымдастырған жүгенсіз жүргізушілер жауапқа тартылды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды