Жаңалықтар

Астанада 14 қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Астанада 14 қабатты тұрғын үйде өрт шықты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 05.02.2025 00:08 111

Астанада 14 қабатты тұрғын үйдің он бірінші қабатындағы пәтер өртенді. Оқиға Алматы ауданы Ж.Жирентаев көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктер оқиға орнына жеткенге дейін 11 адам өздігінен  далаға шығып үлгерген.

Қызыл жалынды сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 29-ға жуық қызметкер және 6  техника жұмылдырылды. Төтеншеліктердің жедел әрекет етуінің арқасында қызыл жалын  өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.  

Нақтыланған мәліметтер бойынша пәтердегі 30 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздар жанған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға