Жаңалықтар

Астанада №10 бағдардың әуежай бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді

Астанада №10 бағдардың әуежай бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді
Фото: Астана қалалық әкімдігі 27.06.2024 15:21 291

29 маусымда № 10 бағдардың Әуежай бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, енді бағдар «Хан шатыр» СОО арқылы жүрмейді. Д.Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына бұрылады. Осылайша екі бағыттағы сызбасы бірдей болады.

Бағдардың сызбасы түзулікті арттыру, техникалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында өзгертіледі. Бұл бағдардың жүру қашықтығын 1 шақырымға, айналым уақытын 3 минутқа және қозғалыс аралығын қысқартуға ықпал етеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға