Астанада 1 желтоқсанда қарлы боран мен көктайғақ күтіледі

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
30.11.2023 19:03
891
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1 желтоқсанда Астанада боран, көктайғақ және қатты жел болады деген болжам жасады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, 1 желтоқсанда Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Елордалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу:
