Астанада 1-сыныпқа баратындардың 40% орыс тілінде білім алады - Білім басқармасы
Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенгазыев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
27 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Солардың 16 мыңы мемлекеттік тілді, 10 мыңы орыс тілін таңдаған,- деді ол.
Сондай-ақ басқарма басшысы Астана қаласындағы мектептер жаңа оқу жылына сақадай сай екенін тілге тиек етті.
Ол сонымен бірге орын тапшылығына тоқталды.
Астанада 26 мың оқушыға орын тапшы. 8 мектеп үш ауысымды және шамадан тыс оқып жатқан білім ошақтары бар. Оқушы саны шамадан артық мектептерде 30-33 баладан, үш ауысымды мектептерде 35 баладан оқып жатыр, - деді ол.
Айта кетейік, желіде 1-сыныпқа баратын астаналықтардың 70%-ы орыс тілін таңдады деген ақпарат тарап, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.