Жаңалықтар

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі биыл осымен екінші мәрте ұйымдастырылды.
04.07.2014 07:15 7139

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі биыл осымен екінші мәрте ұйымдастырылды. Былтыр Елорданың 15 жылдығына орай өткізілсе, бұл жолы да қала күнімен тұспа-тұс келді.

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!

Жеңімпаздарға арналған гала-концерт басталмас бұрын құрметті қонақтарды қызыл кілем арқылы жүргізу болды. Кәдімгі әлемдік жұлдыздарды анықтайтын «Грэмми» сыйлығын тапсыру рәсіміне ұқсас жасалған.  Бейбітшілік және Келісім сарайының алдына төселген кілемнен көптеген жұлдыздарды кездестірдік. Тіпті, әнші, актерлермен қатар Исрайыл Сапарбай, Әбдірахман Асылбек, Қалқаман Сарин, Жандарбек Бұлғақов, Серікзат Дүйсенғазин, Айнұр Тұрсынбаева секілді ақындарда бұл кештің құрметті қонағы ретінде шақырылыпты. Жанар Айжанова сарайдың алдына трактормен келіп, ерекше шоу көрсетті.

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!

Осыдан соң көптен күткен гала-концертте басталды. Кештің жүргізушісі ретінде Баян Есентаева, Динара Сәтжан, Айгүл Иманбаева және Нұрдәулет Шертім таңдалыпты. Сахнаның безендірілуі, декорация өте үйлесімді жасалған. Баян Есентаеваның айтуынша, ол үшін арнайы Украинадан мамандар шақырылған екен.  

Кештің шымылдығын Қайрат Баекенов және «Формат» тобы ашып берді. Алдымен, «үздік жігіттер» тобы анықталды. Бұл номинацияға үміткерлердің қатарында «Орда», «Ринго», «Алашұлы» топтары болды. Қазылар алқасы жақында ғана жаңа клиптері шыққан «Ринго» тобын жылдың үздігі деп тауыпты. «Рингоның» жігіттеріне жүлдені өнердегі ағалары «Музарт» тобы тапсырды. Ал «үздік қыздар» тобында «KeshYOU» екінші жыл қатарынан бұл жүлдені ешкімге берген жоқ. Олардан бөлек бұл аталымға «Асыл» және «Ерке» топтары үміткер болған еді. «Үздік клипмейкер» аталымында Асқар Ұзабаев жеңімпаз деп танылғанымен, ол өз жүлдесін әріптесі Ернар Нұрғалиевке табыс етті. «Үздік Live Band» сыйлығына «Заратуштра» ие болды. Жыл басталғалы тойдың хиті болған Қайрат Баекенов пен «Формат» тобының «махаббат» әні «жылдың ең үздік туындысы» аталымында жеңіске жетті. Ал «Қош бол» деп әндетіп жүрген жас әнші Ғалымжан Молданазарға «жаңа тыныс» номинациясы бұйырды. Қаншама хит әндердің сөзін жазған Әбідірахман Асылбек «үздік мәтін авторы» атанды. Былтыр бұл сыйлыққа марқұм Фариза Оңғарсынова ие болып еді. Лондонға барып, кинолардың музыкасын жазып жүрген Ринат Гайсин «үздік композитор» деп танылды. Медеу Арынбаев пен Жанар Доғалова «жылдың үздік әншісі» болды. Оларға бұл сыйлықты Роза Рымбаева мен Ләззат Танысбай табыс етті. Сондай-ақ Шөмішбай Сариев, Нағима Есқалиева, Қарақат Әбілдина, Мұрат Құсайынов секілді қазақтың ән өнеріне еңбегі сіңген тұлғаларға арнайы дипломдар тапсырылды.

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!

Жеңімпаздарды отандық музыка саласында өз орны бар үздік өнер­паз­дарды құрамында 100 кәсіби маман – ең­бегі сіңген әртістер, продюсерлер, ком­по­зиторлар, ақындар, музыка және fas­hion-өндіріс мамандары, БАҚ өкілдері кірген Қазақстанның музыкалық академиясы таңдаған.

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!

 

Жігіттер арасындағы үздік орындаушы:

Медеу Арынбаев

Нұржан Керменбаев

Айқын Төлепберген

Қыздар арасындағы үздік орындаушы:

Жанар Доғалова

Тамара Асар

Луина

«Үздік қыздар» тобы:

«KeshYOU»

«Асыл»

«Ерке»

«Үздік жігіттер» тобы:

«Ринго»

«Алашұлы»

«Орда»

«Жаңа тыныс»:

Ғалымжан Молданазар

Адам

Серік Ибрагимов

Жыл әні:

«KeshYOU» тобы «Ризамын»»

«Музарт» тобы «Мөлдірген жаңарың»

«Қайрат Баекенов және «Формат» тобы «Махаббат»

Үздік мәтін авторы:

Әбдірахман Асылбек

Қалқаман Сарин

Алексей Маклай

Үздік композитор:

Ринат Гайсин

Ұлықпан Жолдасов

Арман Дүйсенов

Үздік клипмейкер:

Ернар Нұрғалиев

Асқар Ұзабаев

Валерий Задарновский

«Үздік би» тобы:

«Теrra» тобы

«Алтын батыр» тобы

«Бақыт» тобы»

«Үздік Live Band»

«Заратуштра»

«T-Maj»

 

Роза Әлқожа, әнші-сазгер:

–  Жарылқап Қалыбай ағамыз соңғы жылдары желтоқсан айында «жыл әні» байқауын ұйымдастырып жүр. Ол жерде бір жылдың ғана емес, бірнеше жылдың әндері қамтылады. Ал «Астана жұлдызы» байқауының ерекшелігі сол мұнда тек бір жылдың ішінде істелген жұмыстарын ескеріледі.

Әркім өзінше тірлік істеп жатқан заман. Бұл жерде кімнің адал, кімнің арсыз екені де анықталады. Мен өзімде қарап таңғалып отырған адамдарым бар. Бір клип түсіріп, сұмдық жұлдыз болып кеткендер де жүр. Сонымен қатар өзінің парасатымен келгендер де жетерлік. Жалпы, әншілердің басын қосатын осындай конкурстар керек. Жақсы мақсаттарға пайдалансақ, мұндай жиындардың маңызы зор. Тек дабыраға емес. Бұл мемлекетке керемет иделолгиялық құрал деп білемін. Сондықтан «Астана» жұлдызына» ұзақ ғұмыр тілеймін. Алдағы уақытта да үздіктерді анықтап, көрерменді қуанытып жүре берсін.

Исрайыл Сапарбай, ақын:

–Астананың 16 жылдығына қарсаңында, осындай ұлттық бояуы қанық байқаудың өтуі ерекше қуантады. Музыка дегеніміз – ол ұлттық рух, муза. Сонымен қатар биыл дәл қасиетті рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Оның да өзіндік мәні бар.

Мені жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Бүгін міне, қаншама таланттар әнші ұл-қыздарымызды көрдім. Солардың арасында сыйлап, құрметтеп шақырған ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін.

    

Ринат Гайсин, композитор:

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!

– Бәйгенің «Астана жұлдызы» атауынан-ақ қандай деңгейде өткізілетінін аңғаруға болады. Кез-келген бәйгенің болашағы өзіміздің шоу-бизнеске, жұлдыздардың еңбектеріне және оны көрсете білуіне байланысты. Отандық музыка индустриясы үшін жаңа есімдер тауып, сахнаның майталмандарына көңіл бөлу маңызды. Осы тұрғыда, «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінің ұйымдастырушыларына алғысым зор.

Ұлықпан Жолдасов, Арман Дүйсенов үшеуіміз «үздік композитор» аталымында сайысқа түсіп, мен жеңіске жеткеніммен, бұл бәріміздің ортақ жеңісіміз деп білемін. Жаңағы айтылған азаматтармен өте жақсы қарым-қатынастамын. Барлығы да өз бауырымдай болып кеткен жігіттер.

Қарақат Әбілдина, әнші:

– «Астана жұлдызын» былтыр үйде баламен отырып, теледидардан тамашалаған едім. Сол кезде қатты ұнаған болатын. Енді, міне, құрметті қонақ ретінде шақырту алдым. Ең бастысы, қазақ музыкасына қосқан үлесі үщін деген арнайы дипломмен марапаттады. Бұл мен үшін күтпеген сыйлық болды.

Осынау керемет кешті ұйымдастырған, тамаша көңіл сыйлаған ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз. Келе жатқан Астана күні құтты болсын!

«KeshYOU» тобы:

«Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!

– Екінші жыл қатарынан екіншісін алып тұрмыз. Біз бұған қуаныштымыз. Продюсеріміз Баян Мақсатқызына айтар алғысымыз шексіз. Бізбен сайысқа түскен «Асыл» және «Ерке» топтары өте мықты. Өз тындармадары қалыптасқан. Бұл топтардың қыздарына алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

Бек Төлеуов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға