Астана туралы қызықты деректер
19.01.2017 12:56
39388
- Астана қаласының атауы парсы тілінен аударғанда «киелі орын», «босаға» деген мағынаны білдіреді.
- Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайының авторы – әйгілі сәулетші Норман Фостер. Ол бұған дейін Лондондағы «Millennium Bridge» көпірін, Пекиндегі ғаламат әуежайды салған.
- Астана – әлемдегі Ұлан-Батырдан кейінгі суық астана болып саналады. Астана тіпті Канаданың астанасы Оттавадан да суық.
- «Думан» ойын-сауық орталығының мұхитаралы – ТМД-да ашылған бірден-бір нысан. Бұл – әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан жалғыз мұхитарал. «Думандағы» су қоры 3 миллион литрді құрайды. Оны дайындау үшін 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Мұнда қазір әлемнің әр түкпірінен әкелінген 2000-ға жуық теңіз жәндіктері бар.
- 2003 жылы «Moody’s Investors Service» әлемдік рейтинг агенттігі Астананы әлемнің ең үздік 30 қаласының тізіміне қосты.
- «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы шатыр формасындағы ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген. Оның биіктігі – 150 метр.
- «Әзірет Сұлтан» мешіті – Орта Азиядағы ең үлкен мешіттердің бірі. Оның аумағы 11 гектар, ал ішіне 10 мың адам сыяды.
- Елордадағы ұлттық академиялық кітапханада 2,5 миллионнан астам кітап бар.
- Қазақстандағы ең үлкен ту Астанада орналасқан. Оның көлемі – 15х30 метр. Ту 111 метрлік биіктікте тұрғандықтан, қаланың кез келген жерінен көзге ілінеді.
- Шымкент зообағында Астана атты керік бар. Мұндай ерекше ат жануарға Астана күні қарсаңында туғандықтан берілген екен.
- Елордалықтардың орташа жасы – 30 жас. Бұл қалада жастар көп.
- Құранның ежелгі қолжазбасының көшірмесі бас қаладағы Әзірет Сұлтан мешітінде сақтаулы тұр. Бұл ежелгі ислам қолжазбасы (VIII ғасыр) Ресейде таза күмістен дайындалған екен.
- Астанадағы ең қысқа көше – Біржан сал көшесі (бұрынғы атауы – Вокзальная). Оның ұзындығы – 358, 7 метр.
- Елордадағы ұзыннан-ұзақ созылып жатқан ғимарат – Министрліктер үйі. Оның ұзындығы 2 шақырымға дейін жетеді.
(Суреттер astanacleaner.kz advokat.kz сайттарынан алынды)
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдегі ең танымал әйелдерге арналған музейлер
Келесі жаңалық
Астанада жыл басынан бері 400-ден астам қоқыс орны жойылды