Жаңалықтар

Астана тұрғындарын есепке алу тәртібі өзгереді

Тұрақты тіркеу
05.04.2016 06:23 2964

Қалалық әкімшілікте өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды.

Астанада көші-қон полициясының қызметін реттейтін арнайы ережелер бекітілуі мүмкін. Елорда әкімдігінің аппарат отырысында тұрғын үйде бір адамға есептелген белгілі бір шаршы метрлер болған жағдайда ғана азаматтарды тіркеу, сондай-ақ, тұруға арналмаған орынжайларда (мысалы, саяжай немесе кеңсе) тіркеуге тыйым салу ұсынылды.

 Астана тұрғындарын есепке алу тәртібі өзгереді

Негізі өзге мемлекеттердің бас шаһарларында кеңінен тараған мәселелердің бірі – азаматтардың тіркеусіз және есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардың бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табылады.

Астанада шектеу шараларының болмауы жекелеген үй иелеріне бір мекен жай бойынша, шын мәнінде онда тұрмайтын ондаған және жүздеген адамды тіркеуге мүмкіндік береді. Қалада кейбір пәтерлерде 400-ден астам азамат тіркелген жағдайлар да болды, бұл ретте бір пәтерге 100-200 адам тіркелу кеңінен тараған құбылыс. Көптеген пәтер иелері осылайша ақша тауып келеді, алайда олар тіпті әкімшілік айыппұл төлегеннен кейін де адамдарды тіркеуді тоқтатпайды. 

«Тұтастай бір көлеңкелі индустрия жұмыс істеуде. Бұл тәртіпсіздікке заң жүзінде реттелмеуі ықпал етеді», - деді Астана әкімі Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы тиісті мемлекеттік органдармен осы мәселені қарауды және «Астананың мәртебесі туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.


Айша КЕРЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға