Жаңалықтар

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй
27.02.2015 09:53 4337

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап «Астана Опера» театры «Барлық заманға сай классика» атты қайырымдылық концерттер легін өткізіп бастады.

«Астана Опера» қайырымдылық жасады Музыкалық жобаның алғашқы шарасы – «Астана» ұлттық сурет галереясының концерт залында орын алды.

Мерейтойлық концерттерді өткізу жөнінде ұсынысты «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдинов жасады:

 – Осы айрықша оқиғаға арнап жыл бойы 12 концерт өткізуді жоспарлап отырмыз. Көздеген басты мақсатымыз –Отанымызды қорғаған Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, тылда еңбек еткендерге және басқа да осы қуанышқа бізбен ортақтасатын жандарға классикалық өнердің нәрін сусындауға мүмкіндік беру. Біз әзірлеген бағдарлама әскери тақырыпты қамтымайды, біз биік өнерді насихаттайтын классикалық музыканы орындаймыз. Әйтсе де, тура Жеңіс күні – 9 мамырда театрда ардагерлердің құрметіне мерекелік концерт өтетінін айта кетейін, – деді маэстро.

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

Максим Романов, 5 жаста, балабақшаға барады:

- Бүгінгі концерт менің көңілімнен шықты. Арнайы сол үшін әдемі көлегім мен галстугімді киіп келдім. Маған скрипка мен күй-сандықтың дыбысы қатты ұнайды, сондықтан осындай шараларға анам мені арнайы апарып жүреді. Болашақта полиция қызметкері болғым келеді, алайда, музыканың алатын орны мен үшін ерекше.

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

 Клара Игнатченко, зейнеткер:

- Қаламызда өтетін мәдени шаралар қатты қуантады. Бос уақытымызда құрбым екеуміз театр мен галереялар аралап демалып қайтамыз. Симфониялық оркестрдың сүйемелдеуімен өтетін шара туралы естіп бірден келдік. Классикалық нақыштағы әуен адам баласына өзгеше әсер етеді. Аспапшылар мен солисттер өз өнерін жүрегінен шығарып көрерменге жеткізді.  Бүгін соның ләззатына бөлеткен шараны ұйымдастырушыларына үлкен ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Өзім скрипка мен виолончельдің үнін сүйсіне тыңдаймын. Композиторлардың ішінен ұлы Моцарт, Бах, Верди, Чайковский шығармашылықтарын жақсы көремін.

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

«Барлық заманға сай классика» атты концерт бағдарламасында В.А. Моцарттың шығармаларынан оркестрге, скрипкаға және альтқа арналған ми-бемоль мажор (kv364) концерттік симфониясы ойналды. Сондай-ақ ариялар, дуэттер, қазақ, орыс және батысеуропалық композиторлардың операларынан да көріністер болды.

Кеште өнер көрсеткен «Астана Опера» аспапшылары – Кирилл Красюков (скрипка), Игорь Белобородов (альт), сонымен қатар опера солисттері мен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі. Дирижер – Арман Оразғалиев.

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

«Астана Опера» қайырымдылық жасады

Елордамызда осындай мәдени кештердің өткізілуі жыл санап артып келеді. Жұмыстан бос уақытында тұрғындардың рухани дем алуына барлық жағдай жасалуда. Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй демекші, бұндай шараларға жас таңдамай кішкентай балалар да, қариялар да қуана барады. Себебі музыка әлемі адамдарды рухани біріктіреді.

Концерттен фотоальбомды осы сілтеме арқылы тамашалай аласыздар!

Айгүл Шерниязова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға